Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың күмәнді тірліктері әшкере болды

Әзілкеш Нұрлан Сабыровтың күмәнді тірліктері әшкере болды

Нұрлан Сабыровтың «Вагнер» құрамасына 10 мотоцикл сыйға тартқаны бейнеленген видео көпшілікті таңғалдырды деп жазады Democrat.kz. сайты Kerekemes.kz.-ке сілтеме жасап.

Бірақ таңғалдырғаны игі іс емес, қоғам үшін аса даулы әрі моральдық тұрғыда күмәнді әрекет.

Әңгіме жай ғана гуманитарлық көмек туралы емес. “Вагнер” аты бүкіл әлемге белгілі, соғыс қимылдарына, бейбіт тұрғындардың қазасына және халықаралық жанжалдарға тікелей қатысы бар қарулы құрылым.

Осындай ұйымға техника сыйлау оны жанама түрде болса да қолдау деген сөз. Ал бұл “бейтарап гуманизм” емес, нақты саяси әрі әскери позиция.

Сабыров видеода бұл әрекетін “игі іс” деп сипаттайды, «Алла жеңіспен оралсын» деп тілейді. Бірақ қай жеңіс туралы сөз болып отыр? Қай майдан ? Қай құрбандардың есебінен? Өнер адамы, көпшілікке танымал тұлға ретінде ол әр сөзі мен әрекетінің салмағын түсінуі тиіс еді.

Ең сорақысы бұл әрекеттің жария түрде, камера алдында жасалуы. Егер шынымен көмек көрсету ниеті болса, неге оны көрсету керек болды?

Бұл гуманизм бе, әлде имидждік жест пе? Қоғамда ықпалы бар адамның мұндай қадамы соғысты қалыпты, тіпті “қасиетті іс” ретінде көрсетуге жол ашады.

Қазақстандық аудитория үшін бұл тіпті ауыр мәселе. Біз бейбітшілікті, егемендікті, адам өмірінің құндылығын алдыңғы орынға қоятын елміз. Ал біздің танымал тұлғаларымыздың бірі басқа елдің соғыс құрылымын ашық қолдаса, бұл қоғамда заңды түрде наразылық туғызады.

Өнер адамдарды біріктіруі тиіс, ал соғыс бөлу үшін бар. Сахнадан автоматқа, микрофоннан мотоциклге өту бұл батылдық емес, жауапсыздық.

Танымал болу тек артықшылық емес, үлкен жауапкершілік. Ал Нұрлан Сабыров бұл жолы сол жауапкершіліктен аттап өтті.

Барлық жаңалықтар