Атақты поп-топ Backstreet Boys 18 қыркүйекке қараған түні Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Democrat.kz.
Әлеуметтік желілерде қолданушылар әуежайдағы топтың видеоларын бөлісуде. Видеодан музыканттарға бірден тақия кигізіп, «Қазақстан» шоколады сыйға тартылғанын көруге болады.
Еске сала кетейік, концерт 19 қыркүйекте Алматыда Орталық стадионда өтеді. Шоу сағат 20:00-де басталады, алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, көрермендер үшін есік сағат 15:00-де ашылады.
Backstreet Boys – әлемдік поп-музыка тарихындағы ең табысты топтардың бірі. 130 миллионнан астам альбомдары сатылған. «I Want It That Way», «Everybody», «Shape of My Heart», «As Long As You Love Me» сияқты ондаған хиттері тұтас бір ұрпақтың жастық шағының саундтректеріне айналды.