Танымал психолог, коуч Роза Әшірбай актриса Дариға Бадықова мен оның бұрынғы күйеуінің арасындағы мәселеге қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Актриса Бадықованың күйеуі сұхбат беріпті. "Ақша бермеді, ештеңе тастамай кетті"деген сыңайда айтыпты әлгі жігіт.
Осыған дейін күйеуі жас әйелге кеткен әйелдің ешбірі бұлай шағымданған емес еді. Төрт, бес баласын жалғыз өзі бағып, түксіз қалған әйелдер сол балаларын жетілдіру үшін жанталасуда.
Ал мына жағдайда еркек әйелін ақша бермей, тастап кетті деп...Өте ұят тірлік қой! Дариға Бадықова бүкіл әйелдің кегін қайтарды!"деген Роза Әшірбаева бойдақ қыздарға "үйленер кезде неке шартын жасауға" кеңес берді.