Қоғам белсендісі Шынар Құрманғали актриса Дариға Бадықованың соңғы фильмі мен жалпы біздегі кино индустриясына қатысты пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
"Киноға мен де бардым. Келінім (кіші қайнымның келіншегі) енем екеумізге билет алыпты. Отандық кинодан тек касса жинауды мақсат көретін киноға барғым келмей қалды. Түк мағына жоқ, идея, оқиға жоқ.
Осының бәріне Қоянбаев кінәлі, негізі. «Бизнес по-казахский» шытырлатып жыл сайын түсірді. Баратын, демалатын жері жоқ қазақ амалсыздан түкке де тұрмайтын киноның кассасын толтырады. Амал жоқ! Басқа вариант жоқ!
Қоянбаевтан кейін ақшасы бар әншілер мен актерлер жаппай кино түсіре бастады. Ана Даубаева деген де жыл сайын түсіреді. Бірақ ол касса жинала ма, жиналмай ма — оған бас қатырмайды.
Мына Бадықова күйеуінің сұхбатына алғыс айту керек секілді. Әйел қауымы қолдап барса, еркектер сол әйелдерінің артынан барып жатыр. Біз барған күні де зал лық толы. Кино барысында жылап жатқан да болды.
Бір-бірінен «сен жыладың ба?» деп сұрап жатқандар да бар. Мен дым жыламадым. Себебі бұл кино түсіретін тақырып емес. Бұл көптеген отбасында, ауылдарда бар жәйт. Оны Бадықова айтпақшы, «халықтың киносы» деп жаһанға жар салып, халықтың атынан сөйлеудің қажеті жоқ. Бадықоваға енді осыдан кейін кино түсірмей-ақ қою керек.
Киносында бір шай үстінде Кореядан келіп, бірден үйге таласып, сол шай үстінде үй өртеніп кетеді. В общем, көзді ашып-жұмғанша киноның оқиғасы тәмам.
Енді ауылда тағы қандай проблема қалды Бадықова кино түсіретін? Кәрі қыз? Еркекшора қыз? Бауырлар арасындағы қатігездік? Қалай ойлайсыздар, енді Бадықова қандай тақырыпта кино түсіруі мүмкін?"деп жазды Шынар Құрманғали.