Алматыдағы "Бағанашыл" балалар үйі Қонаев қаласына көшірілмейді. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады Democrat.kz.
«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді" деп жазды Президент баспасөз қызметі.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.