Танымал актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің әйелі Бағдат Әшімованың әлеуметтік желідегі қайғыға толы жоқтауы оқырмандарын жылатты деп жазады Democrat.kz.
"Асылымнан айырылып отырғанда ,көз жасымызды азайта алмай ,жүрегіміз жадап отырғанда тағы бір қайғы шаңырағымызды торлады.
Сағидың жары,екі немереміздің анасы Селимхан өмірден озды.
Ансарым мен Майрамның көз жасын сүрту ,қайғыда қасында болу ,өмір ары қарай жалғасатынын түсіндіру оңай емес.АЛЛА енді жылатпасын...Селимхан келініміздің жатқан жері жұмақтың төрі болсын", деп жазды Бағдат Әшімова.
Бұл жазбаға қатысты оқырмандары оның қайғысына ортақтасып, көңіл айтып, басу айтуда.