Бағым Мұхитденова жас жігітке жабысып ұятқа қалды

Бағым Мұхитденова жас жігітке жабысып ұятқа қалды

Дуэт болып ән шырқауға бекінген Бағым Мұхитденованың таңдауы Бағдат Сейіт атты өнерпазға түскен, деп жазады Democrat.kz.

«Өзің ғана» атты трек аты айтып тұрғандай лирикалық жанрда жазылған. Мұхитденованың желіге жүктеген әннің шағын үзіндісінен оның сахналық серігіне үзіле қарап тұрғанын аңғаруға болады. Мұны бірден байқаса керек, желідегі жұрт та үнсіз қала алмады.


«Көзқарасымен жейін деп тұр ғой жігітті», «Мақпал Жүнісова да жас жігіттермен айтады. Бірақ жарасымды шығады. Ал мына жұп сүйкімсіз көрініп тұр. Мәселе, киімде ме, болмаса Бағым Мұхитденованың әрекетінде ме? Әйтеуір әдемі дүние емес», «Не болды бәріне жас баламен ән айтып. Үйлеспей тұр. Бағым сіздің деңгейіңіз емес деп ойлаймын», «Жараспайды екен», – деді ойын ашық білдірген көпшілік.

(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар