Баян Алагөзова өз өзін туған күнімен құттықтап, ерекше тілек айтты

Баян Алагөзова өз өзін туған күнімен құттықтап, ерекше тілек айтты

Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында өз өзін туған күнімен құттықтады деп жазады Democrat.kz.

Продюсер өзіне шексіз разылығын білдіріп: "Бақыт деген осы сәт! Мен махаббатқа бай адаммын. Бәрін сүйемін, бәрінің сүйіктісін!

Анамды, күйеуімді, балаларымды, достарым мен жақындарымды шексіз сүйемін. Олар да мені шексіз сүйеді. Керемет қызбын, анамын, әжемін, басшымын!

Әр күн қуанышпен жатып, қуанышпен оянамын. Бақыт деген осы! Өзіммен мақтанамын! Өйткені мен осыған лайықпын! Өз туған күнімде бұл әлемді қалай әдемі етсем деп ойладым. 

Туған күнімен мені ең керемет, сүйікті Баяша! Өмірдің барлық қуанышы сенікі болсын!" деп жазды.  

Барлық жаңалықтар