Баян Алагөзова Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің көшін бастады

Баян Алагөзова Қазақстандағы ең тартымды әйелдердің көшін бастады

Қазақстандағы ең тартымды әрі көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленген әйелдердің тізімінде  Баян Алагөзова көш бастады, деп хабарлайды Democrat.kz Todayinfo.kz сілтеме жасап.

Продюсер өзінің Instagram Stories парақшасында сауалнама нәтижесінің скриншотын жариялап, жанкүйерлеріне алғыс айтты.

«Шын жүректен алғыс айтамын, өте қуаныштымын», – деп жазды ол.

Бұл рейтингті ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген қатысушыдан танымал әйелдер туралы пікір алынған. 

ZimaBlue зерттеу агенттігі дайындаған рейтингке сәйкес, еліміздегі ең танымал әйелдер анықталды. Әлеуметтік сауалнама барысында жүздеген адам өз ой-пікірін білдіріп, нәтижесінде бірінші орынды продюсер Баян Алагөзова иеленді, ал қалған үздік ондыққа шоу-бизнес өкілдері енді.

Барлық жаңалықтар