Танымал продюсер Баян Алагөзова кеше белгілі актриса Меруерт Өтекешованы үйіне арнайы шақырып, иығына құндыз тонын жауып, сүйінші хабарын айтты деп жазады Democrat.kz.
Продюсер актрисаны үйіне арнайы шақырып, көптің талқысына түскен қамзол дауына нүкте қойды. Ол бұған дейін сөз болған қамзолды өз иесіне қайтарып, қазақы дәстүрмен иіліп сәлем салды.
Сонымен қатар уәде еткен тонын сыйға тартып, үлкенге деген ізетін көрсетті.
Мұнан бөлек, Баян Мақсатқызы қазақтың "Қыз Жібегіне": "Мен сізге өзіңіз қалаған ауданнан, қалаған үйіңізді алып беруге уәде беремін.
Сіз бұдан да артық сыйға лайықсыз! Қалаған үйді таңдаңыз, алып беремін!"деп, актрисаға шынайы сезімдерін, алғысын жеткізді.