Белгілі сән эксперті Жансая Әміршәріпқызы енді Айару Бақытбектің бір реттік образын талқылады, деп жазады Democrat.kz.
Сырт көзге қарабайыр көрінгенімен оның киген киімі мен тағынған аксессуарлары арзанға түспеген.
Мәселен, үстіндегі SANDRO брендінің қара көйлегі 160 мың теңге болса, Gucci-дің қонышы ұзын етігі 733 мың теңге тұрады екен. Осы брендтен тұтынған кішкентай қол сөмкесі де арзан дей алмаймыз, бағасы – 474 мың теңгеге шығады.
Әшекей бұйымдарының да бағасы өз алдына. Мысалы, он сегіз караттық алтыннан жасалған Tiffany HardWear брендінің сырғасы 2 млн 99 мың теңге тұрса, Bulgari –дің B.Zero1 колекциясынан тұтынған алқасы 5 млн 517 мың теңге.
Ал Cartier-ден тағынға сақинасы 1 млн 38 мың теңгене бағаланса, толық алтыннан жасалған осы брендттің сағаты 15 млн 413 мың теңге.
Баянның қызы бастан-аяқ 25 млн 434 мың теңгеге киінген.(Мақаланы ұрлап, сілтемесіз көшіріп басатын сайтты заңды жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)