Белгілі продюсер, композитор Бағым Мұхитдинова әйгілі әнші Димаш Құдайберген туралы күтпеген мәлімдеме жасады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Композитор белгілі журналист Аман Тасығанға сұхбат берген. Ол сұхбат барысында Димашқа қатысты өз ойын айтқан.
«Он екі жыл өтті ғой, кейде күлкім келеді. Шын мәнінде сөзді бұрмалап, мен айтқан сөзден жұлып берген. Мен оған жоғары нотада ән айтуға тыйым салғандай болды.
Мысалы ән деген түсінік бар, әннің үнемі керемет болуы шарт емес. Оның әні жай ғана, орташа деңгейдегі ән болды. Мен үшін ол ән сол кезде хит ән болмады. Хит болған да жоқ.
Сол себепті Димашқа айтқан пікірімнен қайтқан емеспін. Бірақ маған бәрі одан кешірім сұра дейді, мен не себепті кешірім сұрауым керек? Соны түсінбедім.
Әнбайқауы болды. «Евровидение» ол ән байқауы, онда солистті таңдамайды. Ол белгілі бір хит әнді орындауы тиіс. Яғни орындаушы емес, ән жеңіске жетеді. Бұл жерде де солай болды.
Менің ойымша ән орташа деңдейде болды. Бұл әнді Димаш сияқты орындаудың қажеті жоқ еді. Оның дауыс ырғағы бөлек, мүлдем басқаша, тіпті таңғажайып десе де болады. Ол әлемдік деңгейдегі әнші. Ол керемет өнер иесі.
Ал, оның сол кездегі әні қандай болды деген ол мүлдем басқа сұрақ. Менің ойымша бұл әнді бәрі орындап, хит болуы керек еді. Бірақ олай болмады. Сол себепті менікі дұрыс болды», — деді Бағым Мақсатқызы.