Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшаларында оқырмандарына арнап жазба жариялап, фотолар бөлісті деп жазады Democrat.kz.
"Осыдан бес жыл бұрын купальниктегі суреттерімді салмаймын деп уәде беріп едім. Сол сөзімді кері аламын. Әйтпесе, әлеуметтік желіде тыйым салғыш ақылдылар тым көбейіп барады" деп жазған продюсер жағажайдағы суреттерін үздіксіз салуды бастады.
