Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады

Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады

Продюсер Баян Мақсатқызы "Кешью" тобына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Democrat.kz.

Ол "Кешью" тобының 20 жылдығына орай деректі фильм түсіру үстінде екенін айтты.

"20 жыл деген екі жыл емес. Бұл үлкен өмір, бай тарих. Біздің көрсетеріміз бен айтарымыз, үйретеріміз бен үйренеріміз бар. Жақында көрерменге деректі фильм жол тартады. Оның арты ұрыс-керіс болуы да мүмкін. Өйткені мен біздің шындықты айтқанымызды қаладым. Біз қыздардан қандай жолды жүріп өткендері туралы шындықты сұрадық. Деректі фильмде мен де төбе көрсетемін. Қызық болады деп ойлаймын", - деді Баян Алагөзова.

 

Барлық жаңалықтар