Кезекті сұхбатында танымал продюсер Баян Мақсатқызы отбасылық өмірінде болған екі үлкен ұрыс-керіс туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Біз үйленгелі он жылдан астам уақыт ішінде Тұрсын екеуіміздің арамызда екі рет үлкен ұрыс болды.
Қатты ашуланып, ызаланған едім сол кезде. Алайда Тұрсын да, мен де жалпы татулықты, тыныштықты сүйеміз.
Оның үстіне мен ақыл тоқтатқан әйелмін. Әлдебір ұрыстың шықпауының алдын алу үшін он қадам алдын ойланатын жасқа келдім"деген Баян Мақсатқызы отбасында талас-тартыс, ұрыс-керістің мүлде болмайтынын айтты.