Баян Мақсатқызы күйеуін ұялтып, жер қылды

Баян Мақсатқызы күйеуін ұялтып, жер қылды

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы дүркіретіп үйлену тойын жасағысы келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Өнер иесі қос қызының тұсаукесер тойын өткізген еді. Енді үйлену тойын жоспарлап отыр. 

"Мен той тойлап жүргенді жақсы көремін. Жаным үнемі мерекені қалап тұрады. Бүгін үйімізге барған соң таңертең тұра сала Тұрсынға "тағы да мерекелегім келіп тұр" деп еркелей аламын. Келесі жылы бірге тұрып жатқанымызға 10 жыл болады екен. Мен тұрмысқа шыққым келеді. Тұрсын маған адамша үйленген жоқ. Мен қыз жолдастармен бірге билеп көргім келеді. Екі қызым қалыңдық көйлегімді көтеріп жүргенін қалаймын ", –дейді Баян Алагөзова.

Барлық жаңалықтар