Продюсер Баян Алагөзова таяуда жаңа бір фильм түсіруді жоспарлап отырғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Ішкі жан дүниең қандай болса, сыртқы келбетіңнен сол шуақ болып шашылады. Мен әдемілікті, ертегі, ғажайыптарды, мерекелерді жақсы көремін. Сол себепті де менің ендігі көркем фильмім нағыз қазақи дүниеге толы болмақ. Қазақи ғажайыптарға, ханшайым, сиқыршы, пері, айдаһар және Ұмай ана туралы фильм түсіремін" деп жазды Баян Мақсатқызы.