"Баян Мақсатқызының арқасы": Барлық байшыкештің әйелі Баян сияқты болса, әлем өзгерер еді

"Баян Мақсатқызының арқасы": Барлық байшыкештің әйелі Баян сияқты болса, әлем өзгерер еді
Белгілі журналист Ербол Мәндібек еліміздегі миллионер, алпауыт кәсіпкерлерге құлаққағыс жасады деп жазады Democrat.kz.
 
Өз жазбасында журналист: "Ал керек болса. Көзімнен бір түйір жас ыршып түсті. Өткенде ғана Баян апам күйеуіме ақыл айттым, бұйыртса тағы бір қуанышты жаңалық естисіздер деген еді. Соны бүгін естідік. 
 
Тұрсын Алагөзов қарамағында жұмыс істейтін қыз-жігіттердің зейнеткер ата-анасына ай сайын 50 мың төлеймін депті. Өз қалтасынан.
 
"Маған осындай адал маман сыйлаған әрбір ата-ана құрметке лайық. Сондықтан жастары 65-тен асқан әрқайсыңның ата-анаңа өз атымнан ай сайын 50 мың пенсия төлеймін",-депті.
 
Негізі Баян апам байға шыққалы Тұрсын жездемнің алақаны ашылды. Бұрын бұндайы жоқ еді. Қайбір сұхбатында Баян апам былай дегені есімде.
"Еркек деген кішкентай бала сияқты. Әр әйел өз еркегін өзінше тәрбиелейді",-деген еді.
 
Тұрсекең Баян апамның қолына өткелі жақсы жаққа өзгерді. Бұған дейін жұмысшыларына 100 квартира тегін үлестіріп елді таңқалдырған-ды. Оған дейін машина үлестірді.
 
Енді міне Ата-аналарды қуантып жатыр. Осының барлығы Баян апамның арқасы.
 
Елімізде байлығы Тұрсынды он орап алап азаматтар баршылық. Әттең сол үйдегі жеңшелеріміз Баян апам сияқты болса қанекей. Түнде төсекке жатар алдында миына құйып-құйып жіберсе бүкіл қазақтың жағдайы оңалар ма еді кім білсін..."деді.
Барлық жаңалықтар