Сән эксперті Жансая Әміршәріпқызы белгілі продюсердің бір реттік образына талдау жасады, деп жазады Democrat.kz.
Мәселен, продюсердің үстіндегі Dior-дың қара көйлегі 2 млн 339 мың теңге тұрса, осы брендттен тұтынған аяқ киімі 1 млн 193 мың теңге болады. Lady Dior-дан асынған сөмкесі болса 2 млн 819 мың теңгеге шығады.
Тағынған зергерлік әшекей бұйымдарының сомасы да өз алдына бір әңгіме.
Мәселен, француздың атақты Breguet брендінің ақ алтынға гауһар тастардан көмкеріліп жасалған қол сағаты 27 млн-ға шықса, Bulgari-дің Serpenti коллекциясын толықтыратын сырғасы 8 млн 096 мың, ал Van Cleef & Arpels фирмасынынан тағынған алқаларының бірі – 5 млн 577 мың теңге, екіншісі – 22 млн 849 мың теңгеге бағаланады.
Дәл осы брендтен тұтынған сырғасы да арзан дей алмаймыз, бағасы – 4 млн 800 мың теңге, екі жүзігінің бірі – 5 млн, келесісі – 10 млн-ға татиды. Шәй королінің жұбайы шамамен бас-аяғы 90 млн 732 мың теңгеге сәнін қалыптастырған.