Танымал продюсер Баян Алагөзова үйінің ауласында серуендеп жүргенін көрсетіп, иттерін көрсетіп, парақшасында видео жариялап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Парақшасында жариялаған видеосында Баян Мақсатқызы үйлерінде бір емес, бірнеше иттері барын айтып: "Кейде өзім де шатысып кетемін. Біздің үйдің ішінде екі ит, ал сыртында үш ит бар. Қыздарымыз иттермен ойнағанды өте жақсы көреді" дейді.
Осы видеоның астына жазылған пікірлердің бірінде "ең болмаса, Баянның бір иті болсам ғой, арманым болмас еді" деген пікір қызу талқыға түсті.
"Баянның итерінде де арман жоқ", "осында адамның иті болсаң, уайымың да болмас" дегенге саятын пікір жазған жұрт бағы бес елі Баян Мақсатқызының керемет өміріне қызығушылықтарын жасырмады.