Мейрамбек Беспаевтың қызының тұсаукесер тойында әнші Мадина Сәдуақасова "ұрыс шығарды" деген видео тарады деп жазады Democrat.kz.
Видеода Мадинаның "қате істедіңдер! Призды бере салуларың керек еді. Ну и что, ол кісі шықты ғой?!" деп айғайлап жатқан жері түсіп қалған.
Бұл жердегі мәселе тұсаукесерде ойнатылған лотерея билетінен бастау алған еді.
Билетіндегі нөмірін дұрыс байқамаған Баян Мақсатқызы асаба нөмір иесін шақырғанда думандатып, билеп ортаға шығады.
Алайда Баянның билетіндегі нөмір басқа болып, сабаның жанында тосылып қалған Баян Алагөзова кері бұрылып кетеді.
Әлгі ыңғайсыз жағдайға байланысты Мадина Сәдуақасова араласып, "той ғой, ортаға шыққан кісіні құр қол жібермеу керек еді" деп жатқанда, видеоға түсіп қалған.
Ал былайғы жұртқа видео "Мадина тойда ұрыс шығарғандай" болып тарап кеткен.