Бірер күн бұрын бір имам "Баян Алагөзова "аталарымыз мұсылман болмаған" деді" деп Баянға бойкот жариялауды ұсынған еді. Имамның "бойкотына" қарсы бойкот жариялап тағы бір топ акция бастады деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде имамның "бойкотына" қатысты "имамдар мен діншілдерге ерегіскенде, Макси шайды ішпесем де, блоктап сатып аламын! Баянның айтқан сөзі дұрыс!" дейтін видеолар көбейді.
Мұнан бөлек, "Баянның күйеуі жүз отбасыны баспаналы етті. Ал имамдар халыққа не жақсылық жасады? Имамдар Баянның тырнағына да татымайды" дейтін пікір иелері "діншілдердің өзіне бойкот жариялайық!" деген акция бастап жібергені байқалады.