"Баянға деген махаббаты" туралы сырт шерткен Төлеген Мұхамеджанов жан сырын ақтарды

"Баянға деген махаббаты" туралы сырт шерткен Төлеген Мұхамеджанов жан сырын ақтарды

Композитор, музыкант Төлеген Мұхамеджанов өнер саласына қалай келгені туралы өзінің кезекті сұхбатында баяндап берді деп жазады Democrat.kz.

"Әкем мені домбыраға үйретпекші болды. Қолыма домбыраны беріп, "Көзімнің қарасы" Абайдың әнін үйретті. 

Әкем "сельсоветтің" бастығы еді. Он бір жасымда үш ай бойы мені пошташы етіп жұмыс істетті. Басқа балалар ойнап жүргенде, мен газет, хат тасып жүрдім. Ит те қапты, бұқа да сүзді. 

Бірақ сол үш айдың ішінде 105 рубль таптым. Әкем сол ақшаны сақтап, қысты күні маған баян алып берді. 

Баянның иісі мен үйге шақыратын. Баянға деген махаббатым мені музыка әлеміне жетеледі" дейді Төлеген Мұхамеджанов. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар