Танымал блогер, тележурналист Динара Сәтжан өзінің кезекті сұхбатында жеке өмірі мен жетістіктері туралы айтам деп жұрттың қызу талқысына ұшырады деп жазады Democrat.kz.
YouTube "Мамские әңгіме" арнасына сұхбат берген Динара Сәтжан қазіргі жетістікке қалай жеткенін, өткен жылы некесін қиып, тағы күйеуге шыққанын айтты.
Бір сөзінде қазіргі күйеуі Жұмабек Жанықұлға ақшасы үшін емес, шексіз махаббатпен тұрмысқа шыққанын, күйеуін сүйгендіктен оның туыстары мен туған жері Сарыыағашты да сүйгенін тебірене жеткізді.
Алайда бұл сұхбатқа қатысты оқырмандардың пікірлері разылықтан гөрі ренішке, сынға толы болды.
Сұхбатты қараған жұрттың көбі "Баян Алагөзоваға қатты еліктейді"деп Динара Сәтжанды сынап, тіпті кей оқырман тележурналистің жеке өміріндегі жағымсыз жайттарды да жазыпты.
Дайындаған Хақназар САДЫРХАН.




