"Бал жеп миы айналып қалған": Омарташы Исмаилдың образы жұртты шошытты

"Бал жеп миы айналып қалған": Омарташы Исмаилдың образы жұртты шошытты

"Исмаил Бал" атымен танымал омарташы Исмаил соңғы уақытта күрт өзгергені сондай, оқырманы оны түсінбей дал болуда деп жазады Democrat.kz.

Бірде пәкістандық орама киіммен, енді бірде басына сәлде орап, енді бірде етегі желпілдеген көйлектермен оқырмандарының алдына шығатын Исмаил-омарташының образдары күн санап "жаңаруда". 

Араның балын сатып, әп-әдемі сауда жасап жүрген Исмаил-омарташы иегіне шоқша сақал қойған күннен бастап өзгере бастапты. 

Мұртсыз сақалы шошаңдаған омарташы еркек екеніне қарамастан сөлеңдетіп етекті киім киіп, кәдімгі 5-6 ғасырдың бәдәуиндерін жұртқа жарнамалап шауып жүр. 

Діннің ауыз салмаған саласы жоғын осыдан-ақ білуге болмас па? Жұртқа "бал сатам" деп танымал болған адам дәл қазір жұқалатып діни сенімін де тықпалауды бастаған.

"Шашыңды өсіріп өріп , сосын құлағыңа сырға тақсаң, зор жарасады", "бал қудыртады деп ойламапын", "бал көп жеп миы айналып қалды бұның", "көйлек киген ара" деген пікір жазған жұрт Исмаил - омарташыны сын тезіне алуда. 

Әйтсе де, жарты миллионға жуық жазылушысы бар омарташының негізгі діттегені не екенін дөп басып айту қиын. Бал сату ма, әлде қазақтың санасына өз діни сенімін сыналап, енгізу ме? 

Барлық жаңалықтар