Бала бақшаға әкесі әкелмейтін қыздар туралы айтқан тәрбиеші жылап қалды

Бала бақшаға әкесі әкелмейтін қыздар туралы айтқан тәрбиеші жылап қалды

Ләззат есімді бала бақша тәрбиешісі үлкендердің назарына көп іліне бермейтін, балалар арасындағы өте үлкен проблеманы айтып, ата-аналарға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Тәрбиеші болған соң, әр баланың әрбір әрекетін бақылап жүреміз ғой. Жақында бір шеше қызының ішінен бір ұл баланың ұрғанын айтып, шағымданды. 

"Жақсы, ол баламен сөйлесем" дедім де, әлгі баланы сырттай бақыладым. 

Ұлдар барлық қыздарды ренжітіп, қол жұмсай бермейді екен. Ұлдардың тиіспейтін, маңына жуымайтын қыздар да болады екен. 

Неге олай десем, бала екеш бала да өздерінің артында қандай күшті қолдаушысы барын мықты білетін сияқты. 

Ұлдар ренжітіп, жылатып қоятын қыздардың өздері де басқа қыздарға қарағанда, басқашалау болады екен. 

Сөйтсем, ұлдардан зәбір көретін қыздардың басым көбінің әкелері жоқ екен. Бала екеш бала да әлсіздікті біледі екен. Бала бақшаға әкесі әкелетін қыздарға ұлдар да күш көрсетпейді де, ал шешесі әкелетін қыздарды ренжітеді екен" деген тәрбиеші Ләззат мынадай ауыр жағдайға шыдай алмай, көз жасына ерік берді. 

Ләззаттың видеосы күйеуі жоқ әйелдердің жүрегін қозғап жібергендей. Балаларының әкесін іздейтінін, әкенің орны бөлек екенін айтысқандар "балаға алаңсыз бақытты өмірді әкесі мен анасы сыйлайтынын, бірақ еркек пен әйелдің жетіскеннен ажыраспайтынын" алға тартуда. 

Барлық жаңалықтар