"Бала туа бермеші, мама!" деп жылаған қыз "мені аямаңыздар!" деді

"Бала туа бермеші, мама!" деп жылаған қыз "мені аямаңыздар!" деді

Өткен аптада "бала туа бермеші, мама!" Деп еңіреп жылаған қыз бір сәтте әлеуметтік желінің жұлдызына айналған еді. Сол кішкентай қыз өз әрекетіне қатысты түсіндірме видеосын жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Қазіргі кезде менің "бала туа бермеші, мама!" Деп жылаған видеом хит болып кетті. Соның қалай болғанын айтайын. 

Негізі мен эмоционалды қызбын. Сол күні ауылға бара алмағаным үшін қатты ашуландым. Оған айып етпеңіздер.

Әрине, мен де шаршаймын. Мамам ақша тапсын деп оған көмектесемін. Бала бағып, үй тірліктеріне көмектесемін" деп бастаған қыздың ескі видеосына беретін түсіндірмесі әлдебір жарнамамен аяқталды. 

Кішкентай қыздың бұл әрекеті кейбіреулердің ашуына тиді. "Сен үшін біреулермен сөзге келіп жүрсем", "видеоң жарнамаға айналды", "актриса екенсің", "мамасы мәжбүрлеген ғой" дегенге саятын пікірлер жазуда. Соларға жауап жазған әлгі қыз "мені аямаңыздар!"деп жауап жазды. 

 

 

Барлық жаңалықтар