Балабақшадағы сұмдықтар: Баланы қасықпен сабап, қалдық тамақты жегізген

Балабақшадағы сұмдықтар: Баланы қасықпен сабап, қалдық тамақты жегізген

Әлеуметтік желіде тараған видео жұртқа жаға ұстатты. Шымкент қаласындағы "Балымша" атындағы балабақшада болып жатқан сорақы жағдайлар әлеуметтік желіде тарады деп жазады Democrat.kz.

Әлеуметтік желіде тараған төрт түрлі видеоның төртеуі де бір "Балымша" балабақшасының ішінде болған жағдайлар. 

Бірінде тәрбиеші титтей балалардың басынан қасықпен ұрып, зәбірлеп жатқаны көрінеді. 

Ал келесі видеода әр баладан қалған тамақты басқа балаға жегізуге берген тәрбиешінің сұмдық әрекетін байқайсыз. 

Үшінші видеода өзара төбелесіп, бір балаға топ болып жабылып жатқан балаларды көріп, балалардың мұндай қатыгездігі қайдан келіп жатқанын түсінуге болады. 

Төртінші видеода тәрбиешісінен зәбір көрген балақайды жанындағы балалардың жұбата алмай әлекке түсіп жатқанын көріп, тіпті жүрек ауырады. 

Шымкент қаласының "Балымша" атындағы балабақшасында бақылау камераларына түсіп қалғаны мынадай масқара жағдайлар. Ал камерадан тыс жерлерде не болып жатыр?

Жалпы, тәрбиеші ретінде алынатын адамның психикасын жіті тексеру керек, қалай ойлайсыз? Мұнан бөлек, Оқу ағарту министрлігі мына видеоларға қатысты қатаң шара қолданады деген үміттеміз. 

Барлық жаңалықтар