Балаға қастандық: Мешіттегі лагерьлер жабылсын!

Балаға қастандық: Мешіттегі лагерьлер жабылсын!

Айналайын ата-аналар, Білім басқармасы, жалпы қазақтар, Үкімет – қайда қарап отырсыздар?!

Жаз басталғалы мешіттерде "жазғы лагерь" деген атпен балаларды жинап, Құран жаттатып, діни тәрбие беру басталды. Жап-жас әлі ештеңені ажырата да алмайтын балаларға күнә, тозақ, шариғат, харам деген сөздер үйретілуде. Бұл дұрыс па? Бұл – баланың ертеңіне жасалған қастандық емес пе, қалай ойлайсыздар?! Баланың ең әуелі білуі тиіс нәрсесі – ғылым, логика, технология, математика. Дін – адамның жеке таңдауы. Бірақ бала әлі таңдауға да, талдауға да қабілетсіз. Оған не үйретілсе, соны шындық деп қабылдайды. Қазақта: " не ексең,соны орасың"- деген жақсы сөз бар. Неге жазғы лагерьлер мен мешіттерде ғылым үйірмелері емес, құран үйрету, шариғатпен жүру бірінші тұрады? Неге үкімет, Білім басқармасы үнсіз? Неге дінге шақыру ашықтан ашық жүріп жатыр, ал нақты білім беру артта қалып қойған? Бізге Құран жаттаған емес, ғылым меңгерген бала керек! Бізге имам емес, инженер керек! Бізге "парыз" емес, сыни ойлайтын ұрпақ керек! Неге біз осының бәрін көріп үнсізбіз? Осы үнсіздіктің кесірінен ертең "неге қоғам артта қалды, неге жастар радикалданды?" деген сұрақтардың жауабын қайдан іздейміз? Осыдан 3-4 жыл бұрын бір танысым екі баласын осындай лагерьге екі жыл қатарынан жіберді. Ал ол лагерь жекеменшік болатын. Осындай діни жекеменшік лагерьлер мен мешіттерден неге біздер сақтанбаймыз, оларды тексеріп жатқан құзырлы органдар бар ма? Кішкентай ғана баланың миына бір ғана діни көзқарасты тықпалау қылмыспен пара-пар. Әлі де айтамын. Біздің балаларға дін емес, білім беру керек! Сенім емес, еркін ойлау үйрету керек! Мешіт емес, мектеп пен ғылым алда болу керек! Ал менің өз басым мынандай мешіттерден ашылған лагерьлердің жаппай тексеруін және жабылуын талап етемін! Байкал САИМОВ, қоғам белсендісі. Фото видеодан скринделді. [video width="382" height="850" mp4="/uploads/2025/06/WhatsApp-Video-2025-06-11-at-10.36.22.mp4"][/video]  
Барлық жаңалықтар