Елімізде 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күні дәстүрлі түрде атап өтіледі. Бүгінде елімізде 6,9 млн-нан астам бала тұрады және олардың құқықтарын қорғау мәселесі мемлекеттің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың бірі саналады деп жазады Democrat.kz.
Аталған жұмыс жаңа Конституцияда бекітілгендей, балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу қағидатына негізделген, ал мемлекеттің басты міндеті – отбасылар үшін балалардың дені сау болып өсуіне, сапалы білім алуына және өздерін қауіпсіз сезінуіне мүмкіндік беретін сенімді әрі қолайлы жағдай жасау.

Бұл бағыттағы басты құжат ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтай қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес қабылданып, Үкімет бекіткен 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы айқындалды.
Бағдарлама 158 іс-шараны қамтиды, ал оны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1,3 трлн теңге қаржы қарастырылған. Құжат аясындағы жұмыстар білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және қауіпсіздік сияқты негізгі бағыттар бойынша жүргізілуде.