Балаларды қорғау мақсатында арнайы кабинеттер пайда болады

Балаларды қорғау мақсатында арнайы кабинеттер пайда болады

Мемлекет басшысының кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін және құқықтарын қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Үкімет құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа тетіктерін енгізуде деп жазады Democrat.kz.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар үшін қауіпсіз орта құру жөніндегі шаралар туралы баяндады.

Отырыс барысында ол «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» заң аясында министрлікке бірқатар құзырет берілгенін атап өтті. Ондағы басты жаңалық әрбір өңірде ерекше мәртебеге ие Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын құру болды.

Зардап шеккендерді қолдау үшін өңірлерде зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттерін ашу жоспарлануда. Бұдан басқа, буллинг пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі жетілдірілетін болады.

«Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін білім беру ұйымдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары үшін нақты әкімшілік жауапкершілік белгіленді. 

Сонымен қатар бүгінгі таңда балалардың құқықтарын қорғау саласындағы шараларды одан әрі жетілдіру мақсатында 2026-2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасы әзірленуде»,

 — деп түйіндеді Жұлдыз Сүлейменова.

 

Барлық жаңалықтар