Биылғы тамыз кеңесі ерекше өтті.Тек мұғалімдер ғана емес, алғаш рет мектеп пен балабақшаның техникалық қызметкерлері, полиция, дәрігер, құрылысшы сияқты жұмысшы мамандық иелері де марапат алды.
Бұл Президент жариялаған "Жұмысшы мамандықтары" жылы аясындағы тамаша бастама. Алқалы жиында сөз алған Оқу ағарту министрі Ғани Бейсембаев әр маманның еңбегін бағалап, «балалардың болашағына үлес қосу – тек ұстаздардың емес, бүкіл қоғамның міндеті» екенін айтты.
Қысқасы, биылғы Тамыз кеңесінде білім мен бала үшін тер төккен әрбір адамға құрмет көрсетілді деп жазады Оқу ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.