"Орыстар қазақ балаларына соғысты оқытпақ па?"деп дабыл қақты қоғам белсендісі деп жазады Democrat.kz.
Қоғам белсендісі Асқарбек Қазанғап өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: "Алматының “Детский мир” дүкендер желісінің филиалында “Беседы о войне” кітабы ашық сатылып жатыр. Министрлік дереу назар аударып, шара қолдануын талап етеміз!"деп жазып, видео бөлісті.
Видеода қоғам белсендісі Алматының "Детский мир" дүкенінде ашық сатылып жатқан кітапты сөрелерден алып тастауды сұрап Оқу ағарту министрлігіне талап қойды.
"Алматыдағы “Детский мир” дүкендер желісінде балаларға арналған “Беседы о войне” кітабының ашық сатылып жатқаны алаңдатады. Соғыс тақырыбын балаларға насихаттаудың ешқандай ақтауы жоқ.
Бұл балалар психологиясына зиян келтіруі мүмкін. Осы мәселеге Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі дереу назар аударып, заң аясында шара қолдануы қажет. Сонымен қатар, “Детский мир” дүкендер желісін жауапкершілікке тартылсын"деген талаппен жұрт жаппай пікір жазуда.

