"Балаларға бұтын уқалатқан имам" қалай далбасалап қалғанын айтты

"Балаларға бұтын уқалатқан имам" қалай далбасалап қалғанын айтты

Елге "балаларға бұтын уақлатқан" видеосы тарап, танымал болған Әбдіжаппар Смановтың тағы бір ерсілеу видеосы тарады деп жазады Democrat.kz. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода: "Елбасының мешітінде жүргенімде бір қалталы жігіт "қажеке, әкемнің жылдық садақасында құран оқып берші, біз діннен алыспыз, оқығанбыз,оқымыстымыз" деп өтінді. 

Сол жерде бір әйел, жасы жетпістің үстінде болса да, шаштары кесілген, өзін жас қыздай езінетін апайлар "сақал, құран оқып болдың ғой, болды қой"деді.

Өмірімде ондай әңгім естімегем, далбасалап қалдым. Сол кезде әлгі жігіт менің елбасының мешітінде уағыз айтатын кісі екенімді айтты. 

Сонда әлгі апай "олай болса, менің бір сұрағым бар, неге сендердің діндеріңде бір еркек төрт қатын алады да, бір қатын төрт еркекке тие алмайды" деп сұрады. 

Басым істемей қалды. "Апатайым, басқа халықтың адамы болып, осылай десеңіз, жарасар еді. Сіз қазақсыз ғой. Атам қазақ бір үйір айғырға бір биені қойды ма" деп едім, әлгі әйел "болды, болды" деді. 

"Жесір дауы", "жер дауы" тек қазақта болған", деген имам қазақтың ерекше қасиеттерін тізбелеп, еркектің төрт әйел алуын дұрыс екенін дәлелдеуге барынша күш салды. 

Видеоға қатысты жұрт "осы кісіге қиын аурумен ауыратын адамды апарып, дем салдырмақ болдым. 100 мың теңге, он рет салдырасың деді, демал деп шығып кеттік", "алаяқ уағызшы", "ішіп алған ба, шегіп алған ба? Неге теңселіп отыр?" Деген пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар