Танымал заңгер Ләззат Рақышева зорланған келесі кейіпкердің хатын жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Сәлеметсіздер ме, анонимно болсыншы.. Мен де өз басымнан өткен жағдайды айтып, ішімдегі қорқыныш пен ренішпен бөліскім келеді…
Менің қазір жасым 30-да , екі балам мен күйеуім бар.
Мен қарапайым көп балалы отбасында өскен қызбын.
Менің балалық шағым зорлықпен өтті. Менің әкемнің екі әйелі бар. Бірінші әйелінен 4 ұлы болып, кейін қараусыз қалды деп тағы үйленді. Нәтижесінде менің анаммен отбасы құрып, мені дүниеге әкелді (анамның бірінші некеден бір қызы болған)
Уақыт өте келе әкем ішкілікке салынып, отбасымызды асырауды қойды, солай анам бірінші әйелінің 6 баласын, және біз 5-еу едік, барлық 11 баланы бағып қағады…
Бізді кішкентайымыздан аға апкелерімізге тастап кететін, мен ол кезде 5-6 жаста шығармын. Екінші ағам сол кезден бері бөлмесіне кіргізіп алып зорлайтын. Анам жұмыста, ал әкем ішіп, сыртта жүретін.
Біреуге бірдеңе десең мамаңды өлтіремін дейтін ағам. Содан қорқып үндемейтінмін, тіпті кейін үйреніп те кеттім…
Әкем анамды жиі құратын. Бір күні анам мен әкем екеуінің жанжалында естіп қалдым, менің әпкеме әкемнің бірінші әйелінің үлкен баласы тиіседі екен, анам ұстап алыпты. Содан үйде у-шу. Анамды ұрып қоймаған соң, шыдамай мен де әкеме бәрін айттым. Мені де зорлаған, мені екінші ағам зорлады деп айғайлап жібердім ызаланып, солайша бәрі басылды, жылы қазан жылы күйінде жабылды…
1-2 жыл өткен соң менің кішкентай сіңіліме ең кіші ағам тиісіп жүргенін байқадым, бірақ анама айтуға қорқатынмын… Сіңіліме түсіндіріп айттым, жолама, айғайла, қаш , бұл дұрыс емес деп….
Солай жаңағы менің әпкем тұрмысқа шықты, көп ұзамай ажырасты. "Қыз болмай шықтың" деген сөздің кесірінен.
Арада 2-3жыл өтіп, мен де тұрмысқа шықтым, маған да қыз болмай шықтың деп бетіме басты. Ақыры бір баламен ажырасып кеттім. Қазір екінші рет тұрмысқа шықтым, тағы бір ұл туып алдым, бәрі жақсы, Аллаға шүкір. Күйеуім өте жақсы адам, оның арқасында көп жетістікке жеттім. Қазір үлкен клиникада білікті маманмын.
Жақында сіңілім тұрмысқа шығамын дейді, бар уайымым біреу ғана… Сіңілімнің өмірі қалай болар екен. Қазір әкемнің бірінші балалары, үлкен ағаларым керемет тұрып жатыр, ал біздің өміріміз быт шыт болды…
Жақында төркініме бардым, жаңағы ағамды көрдім….
Жек көремін. Бүкіл еркек атаулыны жек көріп кеттім. Қанша психологқа барсамда ұмыта алмадым осы жағдайды…
Жаныма бататыны, менің әпкем оларға өгей қарындас еді, ал сіңілім екеуіміз туған қарындастары едік қой, бір шешеден туылмасақ та, бір әкеден туылдық. Адам өз қарындасына осылай жасай ма ? Не істерімді білмеймін..."
деп жазылған хатта.