"Баламды 2 жасынан жұмысқа жіберемін" дескен жұрттың зейнетақыға қатысты пікірі комедияға айналды

"Баламды 2 жасынан жұмысқа жіберемін" дескен жұрттың зейнетақыға қатысты пікірі комедияға айналды

Әлеуметтік желілерде зейнетақы ақшасының шектік деңгейіне қатысты шыққан жаңалық қызу талқыланып, желі қолданушылар өздерінің сарказмға толы пікірлерін білдіруде деп жазады Democrat.kz.

Еске сала кетейік, 5 маусымда зейнетақы жинағын шешіп алу шегі көтерілді. 6 маусымда зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңа ең төменгі жеткіліктілік шегі төмендегіше белгіленді: 

• 20 жас - 6,67 млн теңге;

• 30 жас - 9,75 млн теңге;

• 40 жас — 13,37 млн теңге;

• 50 жас — 17,59 млн теңге;

• 60 жас - 22,5 млн теңге.

Осыған орай әлеуметтік желі қолданушылар өз пікірлерін төмендегіше білдіруде: 

"Бұйырса, баламды 2 жасынан бастап жұмысқа жіберемін. 20 жасқа толғанда зейнетақы шотында 6 670 000 теңге жиналып тұрсын. Әлде 2 жас кеш пе?"

"Қарында жәй жатпай жұмыс істеп жату керек сияқты"

"Әкесінің белінде бос жатпай, жұмыс істеп жатсын, не ол 2 жасқа дейін еркелетіп бос жатқызып қою"

"Не масқара 2 жас ? Сондай жалқау бала қалай тәрбиелейсіңдер? Түсінбеймін ше. Осы менің балаларым 1жас 2 айынан бастап жұмыста құдайға шүкір 5/2 періп жатыр."

"Кеш ау. Қырқынан шығарып сразу жіберу керек жұмысқа."

"Біз 3 айынан бердік"

Барлық жаңалықтар