Тюзезе атпен танылған блогер "өз баламнан бас тартып, тастап кеттім" деп оқырмандарын шошытты деп жазады Democrat.kz.
"Мен өз баламнан бас тарттым, тастап кеттім. Бұл үшін мені айыптап, кінәлаудың түкке керегі жоқ. Ол баланы өсіріп, бағып, тәрбиелеп, адам етудің түкке керегі жоқ деп шештім.
Миына сөз кірмейтін топас екенін білген соң, мен оны тастап кеттім. Ол мені "мама" демейді, "бывшая" деп қуады" деді Тюзезе.
Блогердің бұл жазбасына жұрт "тас жүрек екенсің", ауыр тиді мына сөзі", "кейін өкінесің" деген пікірлер жазуда.