"Баланы асырай алмасаң, топырлатып тума!" деген қоғам белсендісі әйелдерге үндеу жасады

"Баланы асырай алмасаң, топырлатып тума!" деген қоғам белсендісі әйелдерге үндеу жасады
Әлеуметтік желіде Маржан Кәрімжанқызы көп бала туып, сонысын міндетсінетін әйелдерге қатысты жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Тусаң - өзің үшін! Мектеп жақындаған сайын әр ортада, отырыста, ұжымда, әйтеуір екі адамның басы қосылған жерде балаларды мектепке киіндіну, керегін түгендеу туралы әңгіме гуілдеп жатыр.
 
“Бәрі қымбат”, “Бір бала болса мейлі, көпбалалы отбасыға қиын”, “Бір балаға кемі 100 мың керек”… осылай кете береді!
 
Сөйтіп, сөздің соңы қымбатшылыққа, оның арғы жағы “Үкімет қайда қарап отырға” ұласады. Менің логикама сыймайтын міндетсінулер басталады.
 
Өзім әуел бастан “Тусаң - өзің үшін!” деген көзқарастағы, ұстанымдағы адаммын. Асырай алмайсың ба? Тума! Туғың келіп, тудың ба? Ешкімге міндет артпай, асыра!
 
Өзіңнің қалауыңмен, жоспарыңмен дүниеге келген баланы мемлекет пен әулет түгілі әкесіне де міндеттей алмайды екем. Өзі жауапкергілігін сезінген адам асырап, бағады. Ал олай болмаған жағдайда, әйел өзі асырай алуы керек!
 
Шындап келгенде сол әйелге “Ойбай, көп баланы ту да ту!” деп ешкім айтып, қинамайды ғой. Тіпті күйеуі де. Айтса тек “әңгіме болсын” деп айтылар.
 
Ал әйел қайтеді? Өзімен-өзі туып, өзімен-өзі миы ашып, өз өмірін өзі қиындатып, сосын айналасына міндет арта бастайды. “Асырай алмады” деп күйеуін, ата-енесін, әулетін, мемлекетін кінәлап, “не честный бой” жасайды.
 
“Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама!” деген сөз осы аралықта да жүріп тұр.
Ал енді өзіңнің жоспарыңмен емес, Алланың қалауымен бірнеше бала тудың екен, онда үкіметке де, күйеуге де алақан жайып қарап отырмай, тіршілік жаса, жатпа! Күндіз күлкіні, түнде ұйқыны жиып қой
 
Мүмкін менің түсінігім қате шығар, қоғам қабылдамас! Бірақ ол менің түсінігім.
Қиналсам көмек сұраудан ұялмас едім, бірақ міндетсіну - ЖОҒЫНАН.
 
Өз баласынан жерінгендей жер тепкілеп, жұмыссыз үйде отырып алып айналасын қуырып бара жатқан біраз келіншекті көріп, осы ойыммен бөліскім келді.
 
P.S.: Алты баланың анасымын, Аллаға шүкір. Светке ақша таппай қалған кездер де болған! Алда да болуы мүмкін.
Бірақ онда да туған баламды ешкімге міндетсіне алмайды екем" деп жазды Маржан Кәрімжанқызы.
 
Маржан Кәрімжанқызының бұл жазбасын қолдап, "дұрыс пайым" деушілерден гөрі, "әр бала несібесімен", "Назарбаевтың сөзін айттың сен де", "әйел бала тумаса, қазақ қайтіп көбейеді" дегенге саятын жаттанды пікірлер жазғндар көп. 
Барлық жаңалықтар