Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында төрт баласы бар күйеуі мен әйелінің жауыздықпен өлтірілген мәйіті өз үйлерінен табылды деп жазады Democrat.kz.
Төрт баласы бар еркек пен әйелдің мәйіттері өз үйлерінен табылған.
Марқұм болған әйелдің әпкесі: "Сүйегін жууға өзім кірдім. Шүйдесінен ұрылған ауыр заттан бас сүйегінің еті ажырап кеткен.
Қолдарының терісі жыртылып кеткен. Бетінің сау тамтығы қалмаған" дейді.
Көршілері бұл жағдайға байланысты "бұл отбасының адамдары тыныш, жақсы кісілер еді" дейді.
Әзірге сұмдық жағдайға байланысты ресми орган мәлімдеме жасамады.