Балғынбек Имашев жаңа жобаны қолға алғанын хабарлады

Балғынбек Имашев жаңа жобаны қолға алғанын хабарлады

Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа бір жобаны қолға алатынын хабарлады деп жазады Democrat.kz. 

Айтыскер парақшасында: "Анадан артық ешкім болуы мүмкін емес!
Анашыма қанша өлең жазып, қанша ән арнасам да, қанша тер төгіп, қанша құрмет, қанша қызмет қылсам да ақ сүтін ақтай алмаспын. Гүл әперсем солып қалады, көйлек әперсем оңып қалады.

 

“Менің Анам” деген жобаны қолға алсам деймін. Тарихтағы Ұлы аналар туралы кітап жазу, кейбір аналар туралы деректі, кейбір ана жайлы көркем фильмдер түсіру ойда жүр. Өз анаңызға нендей құрмет жасағыңыз келеді? Егер “Менің анам” деген кітап шығарсам, өз анаңызды сол кітапқа қосар ма едіңіз? Егер осы посттағы пікірлер саны мыңнан асса, мен дереу осы жобаны қолға алып, екі ай ішінде сіздерге жемісін көрсетем. Аналарымызды 8-наурыз бен туған күнінде емес, әрдайым қуантып жүрейік.
Әзірге ана туралы мына өлеңді қабыл алыңыздар!"деп жазып, өлеңін жариялады. 

Барлық жаңалықтар