Әнші Балжан Бидаш өзінің басынан өткен қызық жағдаймен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Оның айтуынша, гастроль кезінде жатқан қонақүйінен біраз тәттілерді қалтасына салып алған. Бірақ сол тәттінің арасынан мүшеқап шығыпты.
Әнші бастапқыда оның не екенін білмеген және ағаларына көрсеткенін айтады. Тіпті бірге жүрген Серік Ибрагимовке де көрсеткен.
Желі қолданушылары бұл әңгімені естіп, «қызға жараспайды екен» десе, енді бірі «шындықтан да қызық жағдай ғой» деп пікір жазуда.