Танымал әнші Балжан Бидаш Мальдивтегі демалысын көрсетті.
Өнер иесі құрбысы, актриса Фариза Ескермеспен бірге кетті. Алайда әнші тосын оқиғаға тап болып, оқырмандарын күлдірді.
"Бізді тонап кетті. Қарғаларға Қазақстанның пістесі ұнаған сияқты, қорабымен қоса алып кетіпті. Мальдив аралдарында қазір демалыс маусымы емес деп еді. Бірақ мен сияқты "қыңыр" адамға бәрі ұнап жатыр. Жаңбырына дейін жақсы көремін", – деп жазды өнер иесі.