"Бәрі бітті! Сотқа берсе, берсін!"деген Айман Сағидулла мәлімдеме жасады

"Бәрі бітті! Сотқа берсе, берсін!"деген Айман Сағидулла мәлімдеме жасады

Танымал белсенді педагог Айман Сағидулла білім саласындағы кезекті былықтарды айтып, маңызды мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Айман Сағидулла әлеуметтік желі парақшасында Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменоваға сұрау салып, вице министрдің сөз бостандығына салған тыйымы мен өрескел әрекеттерін айтты. 

"Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым! 
Бүгін таңертең  білім саласындағы біраз мәселені мына топқа жазғанбыз. 3-4 мұғалім. 

57 -бұйрыққа  қатыстысы да бар арасында. 
Вице министр Шынар ханым біз жазған мәселелерді әдеп қағидасына сай емес деп түсінгенін айтып, жазбауға  ескерту жасады. 

Топты тек қана админдер хат жібере алатындай жағдайда жауып қойды. Топта бақылау департаменттері және вице министр болған соң жаздық ол жазбаларды. 
Әдеп қағидасын бұзған болсақ сотқа берсін! 
Осымен бәрі бітті. Ауызымызды аштырмайтын топта біз отырмаймыз. Біз жаны бар, жүрегі бар, тілі бар, көзқарасы бар адамбыз. 

Конституцияның 20 бабында сөз бостандығы туралы жазылған. 

Біз ешкімнің жеке басына тиіскен жоқпыз. Біз қоғамдағы ,білім саласындағы мәселелерді айттық. 
Топтан шығып кеттік. 

Құрметті әріптестер! 
Біз , мұғалімдер заңдарды талқылайтын министрліктің тобында жоқпыз енді. 

Онсыз да ештеңе шешіліп жатқан жоқ еді. Осы кезге дейін тек уақытымызды алды. Бұл туралы бұрын да айтқанмын. 

Жұлдыз ханым! 
Айналаңызда осындай шенділер жүргенде сізге оңай болмайды.  Біз мал емеспіз, қораға қамап, ауызын байлап қоятын. 

Топтарыңызға кіргізбеңіздер енді. 
Сөйлей алмайтын жерде біз отырмаймыз! 
Жиындардың бәрінде ауызымызды жауып отырды. Енді мынау", деп жазды Айман Сағидулла. 

Барлық жаңалықтар