"Бәрі өтірік!": Еркебұлан Тоқтар мәлімдеме жасады

"Бәрі өтірік!": Еркебұлан Тоқтар мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желілерде өзіне бағытталған айыптауларға қатысты мәлімдеме жасап, тараған қауесеттерге жауап берді деп жазады Democrat.kz. сайты b1rinshibol-ға сілтеме жасап. 

 

Спортшының айтуынша, демалыс сәтінен жариялаған видеодан кейін желі қолданушылары оның Марсель Нурланбек уулуға қарсы жекпе-жекті «сатып жіберді» деп пікір қалдыра бастаған. Әсіресе жұрт арасында «жекпе-жекті 400 миллион теңгеге сатты» деген ақпарат кеңінен тараған.

«Біреулер «жеңісіңді букмекерлерге саттың, арыңды, намысыңды саттың, 400 миллион теңге алып, енді демалып жүрсің» деп жазып жатыр екен. Бұл сома қайдан шықты өзі?» – деп пікір білдірді Тоқтар.

Ол көпшілікті негізсіз ақпаратқа сенбеуге және жалған әңгімелер таратпауға шақырды.

Еркебұлан Тоқтардың сөзінше, мұндай жекпе-жектердегі қаржы айналымы әлдеқайда аз, сондықтан жүздеген миллион теңге туралы әңгіме шындыққа жанаспайды.

Барлық жаңалықтар