"Бәрі өтірік": Министр Жұлдыз Сүлейменова ел күткен сұрақтың жауабын берді

"Бәрі өтірік": Министр Жұлдыз Сүлейменова ел күткен сұрақтың жауабын берді

Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова біраз уақыттан бері оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер алаңдап күткен сұрақтардың жауабын беріп, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.

Министр бүгінге дейін бастауыш сыныптағы БжБ, ТжБ бақылау жұмыстарының орнына оқушының жазбаша сынақ тапсыруы бойынша жаңалық енгізу туралы айтып: "Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз бастауыш сыныптағы БжБ, ТжБ сынақтарын алып тастау туралы айтқан болатынбыз. 

Бастауыштың 2 сыныбында басталатын БжБ, ТжБ-ны алсақ, ортақ саны шамамен 54 екен. Бастауыштың ұстазы бір жыл бойы осы БжБ, ТжБ-ны өткізу үшін шамамен 4000-ға жуық ақ қағаз жұмсайды екен. 

Ал осы қағаздарды тексеруге орташа 112 сағат жұмсайды екен. Біз енді балалардың когнитивті дамуын күшейтетін, бала өз қолымен жазатын диктант, бақылау жұмыстарын қарастырып отырмыз. 

Біз БжБ және ТжБ жұмыстарын бастауыш сыныптардан алып тастау бойынша жұмысты бастадық", - деп, мәлімдеді. 

Министр Жұлдыз Сүлейменованың осы мәлімдемесінің астына пікір жазған жұрт "БжБ, ТжБ дегенді түгел алып тастау керек. Үлкен сыныптардан да. Бәрі өтірік. Бәрі көшіріп, жазып, өткізе салады, БжБ, ТжБ үшін балаға төмен баға қойсақ, тағы проблема басталады", "бастауышқа баға шығарып, керегі жоқ", "бұрынғы 3,4,5 деген бағалау қайта келсінші", "өте дұрыс, министрді қолдаймыз!" деп жатыр. 

 

Барлық жаңалықтар