"Бәрін мойындаймын!": Мөлдір Әуелбекова ағынан жарылып, бар шындығын айтты (ВИДЕО)

"Бәрін мойындаймын!": Мөлдір Әуелбекова ағынан жарылып, бар шындығын айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде әнші Мөлдір Әуелбекваның кезекті сұхбатының видеосы жұртшылықтың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, біраз уақыттан бері әнші Мөлдір Әуелбекова мен бұрынғы продюсері Баян Алагөзованың арасында бітіспес бір дау басталды. 

Бұл дауға Алагөзованың әпкесі Бағым Мақсатованың жазбалары да араласып, біраз уақыттан бері әнші Мөлдірге ақпараттық шабуылдар жасалып жатқаны жасырын емес. 

Алайда ТикТок әлеуметтік желісінде Мөлдір Әуелбекованың біраз уақыт бұрын Майя Бекбаеваға берген сұхбаты көпшілікті ойлантып қойды. 

"Мен КешьЮ тобынан кеткелі ешқашан продюсерім  туралы жаман нәрсе айтқан емеспін, айтпаймын да. Ол кісі менен, мен одан көп нәрсе үйрендік. Оның маған сіңірген еңбегі аз емес.

Жұлдыз болуыма, танылуыма үлесін қосты. КешьЮ-дан кеткен соң талай продюсерлер "бірге жұмыс істейік" деп ұсыныс жасаса да, бармадым. Себебі мен еліміздегі ең мықты продюсердің қолынан шықтым. 

Бәрін мойындаймын, менің бағымның жануына продюсерім Баянның сіңірген еңбегі ерен. Ол кісіге айтарым тек алғыс. Өкінішке қарай, осыны қанша жерде айттым. Бірақ ешкім осы сөздерімді айтпайды, үнемі тек тырнақ астынан кір іздеп жүреді", - дейді Мөлдір Әуелбекова. 

Бұл ескі сұхбат болса да, жұрт "мықты қыз", "нағыз талант", "міне, адамгершілік" деп таңдай қағып, разы болуда. 

Барлық жаңалықтар