Несие ұнамай қалса, 14 күн ішінде одан бас тартуға болады

Несие ұнамай қалса, 14 күн ішінде одан бас тартуға болады

12 қазаннан бастап қазақстандықтарға кейбір кепілсіз несиелерден және қосымша қаржылық қызметтерден шарт жасалғаннан кейін 14 күн ішінде айыппұлсыз бас тарту мүмкіндігі беріледі. Сонымен бірге банктерге жасырын шарттар мен алдын ала белгіленген «келісемін» батырмаларын пайдалануға тыйым салынады, деп жазады Democrat.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржы өнімдерін басқаруға арналған жаңа талаптары 12 қазаннан бастап қолданыла бастайды.

Нормалардың бірі азаматқа кейбір қаржы өнімінен немесе оған қосылған қосымша қызметтен 14 күн ішінде бас тартуға мүмкіндік береді.

Егер мәселе кепілсіз несиеге қатысты болса, клиентке айыппұл немесе тұрақсыздық айыбы салынбауы тиіс. Алайда ол ақшаны нақты пайдаланған күндер үшін есептелген сыйақыны төлеуі керек.

Қаржы ұйымдары клиентке шарт жасалғанға дейін өнімнен немесе қосымша қызметтен бас тарту құқығы туралы анық ақпарат беруге міндеттеледі.

Сонымен бірге маңызды шарттарды, өнімнің нақты құнын немесе тәуекелін жасыруға және қосымша қызметті күштеп қосуға тыйым салынады.

Клиенттің келісімін алдын ала белгіленіп қойған «галочка» арқылы алу да адал емес тәжірибе ретінде қарастырылады. 

Барлық жаңалықтар