Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгереді

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен төленетін 14 түрлі жәрдемақыны тағайындау кезінде отбасының нақты мұқтаждық деңгейі ескерілмек. Өзгеріс ең алдымен Цифрлық отбасы картасында әл-ауқаты жоғары санаттарға кіретін азаматтарға қатысты болады, деп жазады Democrat.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде республикалық бюджет есебінен мемлекеттік жәрдемақының 39 түрі қарастырылған.

Жаңа тәсіл бойынша оның 14 түрін тағайындау кезінде мұқтаждық деңгейі есепке алынады.

Өзгеріс Цифрлық отбасы картасы бойынша «А» және «В» санатына — яғни әл-ауқаты жоғары немесе ауқатты отбасылар қатарына кіретін азаматтарға қатысты.

Тізімге балалы және көпбалалы отбасыларға төленетін кейбір төлемдер, мүгедектігі бар адамдарды күтетін азаматтарға берілетін жәрдемақылар, асыраушысынан айырылуға байланысты төлемдер, жерлеуге арналған төлем және бірқатар арнайы мемлекеттік жәрдемақы кіреді.

Министрлік мұның қолданыстағы барлық төлем бірден тоқтатылады дегенді білдірмейтінін атап өтті.

Мәселен, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамның мүгедектік бойынша жәрдемақысы сақталады. Бірақ кейін басқа төлемге, мысалы бала тууына байланысты жәрдемақыға құқығы туындаса, жаңа төлем оның мұқтаждық деңгейі ескеріле отырып қаралуы мүмкін. 

Барлық жаңалықтар