Қазақстанда сот сараптамасының бағасы жаңа әдіспен есептеледі

Қазақстанда сот сараптамасының бағасы жаңа әдіспен есептеледі

Әділет министрлігі мемлекеттік және жеке сот сарапшылары жүргізетін сараптамалардың құнын есептеу тәртібін өзгертті. Енді баға жұмыстың күрделілігіне, оған кеткен уақытқа, материалдарға және нақты шығындарға байланысты есептеледі, деп жазады Democrat.kz.

Әділет министрінің 21 қыркүйектегі бұйрығымен сот сараптамасының құнын анықтайтын жаңартылған ережелер бекітілді.

Мемлекеттік сараптама органында баға сараптаманың түрі мен күрделілігіне белгіленген уақыт нормативі негізінде есептеледі.

Оған сарапшының еңбекақысы, салық пен міндетті төлемдер, химиялық реактивтер мен басқа материалдардың құны, сондай-ақ ғимарат, жабдық және коммуналдық қызмет секілді әкімшілік-шаруашылық шығындар кіреді.

Жеке сот сарапшылары үшін бұл тәртіп сараптама бюджет қаражаты есебінен төленген жағдайда қолданылады. Егер шығынды сот процесінің тараптары өздері өтейтін болса, баға шарт негізінде белгіленеді.

Жеке сарапшы нақты сараптамаға қатысы жоқ шығындарды оның бағасына қоса алмайды.

Сарапшы қорытындысына жүргізілген жұмыстың құнын есептеу құжаты қоса берілуге тиіс. 

Барлық жаңалықтар