"Айтқаны дәл келді": Астролог Сатори келесі зілзаланың уақытына болжам жасады (ВИДЕО)

"Айтқаны дәл келді": Астролог Сатори келесі зілзаланың уақытына болжам жасады (ВИДЕО)

TikTok пен өзге әлеуметтік желілерде Gabi Satori (Сатори) атымен танылған ведалық астрологтың Қазақстан мен Алматыға қатысты жер сілкінісі туралы болжамдары қайта талқыланып жатыр. Оның 2025 жылы атаған кезеңдерінің бірінде Алматы маңында шынында да жер сілкінісі тіркелген. Алайда болжамдағы күш пен нақты болған сілкіністің деңгейі сәйкес келмейді, деп жазады Democrat.kz.

Gabi Satori 2026 жылдың шілдесінде Қазақстанда, соның ішінде Алматы маңында жер сілкінісі болуы мүмкін екенін айтып, бірнеше қауіпті кезеңді атаған. Ол 20–27 шілде аралығын және 3–20 тамыз аралығын ерекше көрсетіп, 8–9 тамызды ең қауіпті күндердің қатарына қосқан.

Осы болжамнан кейін 7 тамыз күні Алматыдан шамамен 35 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Оның магнитудасы 3,1 болды. Яғни уақыт жағынан болжам аталған кезеңге сәйкес келгенімен, астролог айтқан күшті зілзала болмады.

Бұған дейін, 19 шілдеде де Алматы облысының аумағында жер сілкінісі тіркелген. Бірақ ол да жойқын сипат алған жоқ.

Gabi Satori кейінгі болжамдарында да 2026 жылды климаттық және табиғи катаклизмдер күшейетін кезең ретінде сипаттап жүр. Өзінің жылдық болжамында ол жер сілкінісі, су тасқыны мен құрғақшылық қаупіне назар аударған.

Бірнеше апта бұрын ғана ол Қазақстан, оның ішінде Алматы, Түркияның бірнеше қалаларында жер сілкінуі мүмкін деп 28-30 қыркүйек күндерін атап айтқан еді. Ол мұны нептун планетасының қисық қозғалысымен дәне де басқа астрологиялық өзгерістермен байланыстырып, болжаған еді.

Gabi Satori-дің келесі болжамына сенсек, жер сілкіну мен басқа да табиғи апаттар қаупі Қазақстан, Түркия, Индонзия аймақтарына төніп тұрған көрінеді. "Нептунның бұзылысынан катаклизм, цунами болу қаупі бар. Қыркүйектің 30-ына дейін Қазақстан, Түркия елдерінде жер біраз тербелуі мүмкін", - деді астролог.

Барлық жаңалықтар